«Қазгидромет» РМК 24 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, солтүстігінде түнде қатты аяз 22°С болады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман болжанады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 5-20 жетеді.
Жүктелуде...