Nur Otan өндірісті жан-жақты дамытуға ниетті

Nur Otan өндірісті жан-жақты дамытуға ниетті

Nur Otan өндірісті жан-жақты дамытуға ниетті
ашық дереккөзі
Бұланды ауданының экономикасы тұрақты дамуы үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайтып, орта және шағын бизнес саласында жаңа өндірістер құру қажет. Бұл міндетті Nur Otan партиясының аудандық филиалы өзінің сайлауалды бағдарламасында алға қойып отырі.
Бұл үшін Nur Otan партиясының қолдауымен 2021 жылы «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, қуаттылығы тәулігіне 600 тонна өсімдік майын өндіретін зауытта 30 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілмек. Сатылы жүзеге асыру принципі бойынша аудан халқының басым көпшілігі жұмысқа жұмылдырылып, тұрақты табыс алып, өз жағдайын жақсартып алуға мүмкіндік алады, ал бұл дегеніміз жалпы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету дегеніміз. Партияның сайлауалды бағдарламасының осындай маңызды бағыттарын «Макинский элеватор» мен «Аскоп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымдары Бұланды аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Шахман Құсайынов, Андрей Мельман, Асхаб Умаров және Ринат Жандыбаевпен болған кездесу барысында талқылады. өндіріс-2 Елі үшін адал еңбек етіп, аудан дамуына өз үлесін қосуға даяр кандидаттар жерлестерін алдымыздағы сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырып қана қоймай елімізде, өңірімізде және ауданымызда болып жатқан жағымды өзгерістерге тоқталып, бұл жетістердің барлығы мемлекеттік саясат, Nur Otan партиясының анық саясатының арқасында жүзеге асқанын жеткізді. Айта кететін жайт, аталмыш екі серіктестік аудан экономикасындағы елеулі өндіріс кәсіпорындарының бірі. Сонымен қатар соңғы жылдары өндірістің қуаты артып, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптасуына үлесін қосып келеді. Өз бизнесін жүргізу жолында әлеуметтік жауапкершілікті де естен шығармай, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысуда. Кездесу барысында жұмысшылар мен депутаттыққа үміткерлер арасында конструктивті диалог құрылып, өзара пікір алмасты. Бұландылықтар Nur Otan партиясына деген сенімін білдіріп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, тағы да басқа шешімін таппаған түйткілді мәселелерді тілге тиек етті. Nur Otan партиясының алға қойған міндеттері халықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысты, сондықтан әрбіт тұрғынның көңілінен шығары сөзсіз. Әрқайсымыз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған, үкіметі елдің қамын ойлап, өмір сүруге жақсы жағдай жасайтын мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Дәл осы мақсатты жылдар бойы нақты ісімен танылған Nur Otan партиясы да көздейді. Сайлауалды бағдарламасы да әрбір қазақстандықтың болашағы үшін бағытталған. Көш жүре түзеледі деген дана халқымыз әрбір істің бастамасы мен мұраты болатынын баса айтқан болса керек, сол себептен Nur Otan партиясымен бірге жаңа мүмкіндіктер мен белестер кезеңіне ұмтылып, болашамызды айқындайтын кез келді. Бірлігіміз жарасса, шешілмейтін мәселе қалмас!

Nur Otan партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.