ҚР Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын ЖОО-лар туралы жарлыққа толықтыру енгізілді

ҚР Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын ЖОО-лар туралы жарлыққа толықтыру енгізілді

ҚР Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын ЖОО-лар туралы жарлыққа толықтыру енгізілді
ашық дереккөзі
385
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі  № 573 Жарлыққа толықтыру енгізілді. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі  № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуір­дегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Рес­пуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекі­тілген Бірінші басшыларын Қазақстан Рес­публикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тіз­бесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын: «10. Қазақ ұлттық хореография академия­сы».
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 29 тамыз.  №313    

Серіктес жаңалықтары