Мемлекет басшысы келесі президенттік сайлауға қатысу туралы сұраққа жауап берді

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден Уилмингтонда өткен баспасөз мәслихатында 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ТАСС

Демократқа «ақсақ үйрек» болып көрінбеу үшін (американдық саяси термин, өкілеттіктері жақында аяқталатын президентті меңзейді) келесі айда келесі сайлауға қатысу ниеті туралы жариялайсыз ба деген сауал қойылды.  «Мен «ақсақ үйрек» болайын деп отырған жоқпын. Жай ғана мені бақылаңыздар», – деп жауап берді саясаткер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Джо Байден телеарнаның тікелей эфирінде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын алған болатын.

Back to top button