249
Бауыржан Байбек Алматы оқушыларын білім күнімен құттықтады
Бауыржан Байбек Алматы оқушыларын білім күнімен құттықтады
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Білім күніне арналған шараға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол жиналған оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қала басшысы барлық оқушыны құттықтап, шаһардың 1000 жылдығының құрметіне қаланың тарихы жайлы кітап шыққанын хабарлады. "Біз "Алматы - менің сүйікті қалам" кітабын шығардық. Оны барлық қалалық мектепке, балабақшаларға тараттық. Онда қаланың 1000 жылдық тарихы баяндалады. Алматының болашағы зор. Жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, инвесторлар қалаға инновациялар әкеліп жатыр. Жастарымыз оқуын аяқтағанда жаңа сапалы жұмыс орындарын ала алады", - деді әкім.
Айта кетейік, бұл оқу жылынан бастап қазақстандық оқушылар үш тілде білім беру жүйесіне өтеді. 2016-2017 оқу жылынан - бірінші сынып, 2017 жылдан - 2, 5, 7 сыныптар, 2018 жылдан 3, 6, 8, 10 сыныптар, ал 2019 жылы - 4, 9, 11, 12 сыныптар. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңартылған бағдарламаның бескүндік оқытуға өтуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген. Ал оқу жылы 10 күнге созылады. 2016 жылы үштілділікті енгізу аясында "Биология", "Химия", "Физика" және "Информатика" пәндерінің 675 мұғаліміне төрт айлық курс өткізу жоспарланып отыр. Бұл пәндер ағылшын тілінде өтетін болады
Министрлік өкілдері мұғалімдерге артық салмақ түспейтінін айтып отыр, себебі оқу аптасы бес күнге қысқарады. Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің қағазбастылығы және есеп беруі қысқаратын көрінеді. Барлық құжаттама электронды форматқа өтеді екен.