287
Кәсіпорындар қызметінің өрістеуіне партия мүдделі
Кәсіпорындар қызметінің өрістеуіне партия мүдделі
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Константин Нестерев «Ажар» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар осы уақытқа дейінгі атқарылған жүйелі жұмыстар легімен таныстырды. Nur Otan партиясы қолданыстағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнім шығару ассортиментін кеңейту және ұлғайтуға ықпал ететін болады. Қазіргі қиындықтарға қарамастан партия экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бірқатар маңызды жобаларды іске асырмақ.
«Біздің бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды өмір сүру үшін қолайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз. Қаламыздың дамуы мен өркендеуі үшін азаматтар мен қоғамдық бірлестік өкілдерімен әрқашан тығыз байланыста болып, идея алмасуға дайын екендігімізді айтқым келеді. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» – деп негізгі басымдықтарға тоқталып, бағдарлама бағыттары бойынша ақпараттандырып өтті.
Константин Михайлович аталмыш ұжым қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында "Nur Otan "партиясы" сайлау қорының қаражатынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді. Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында "Nur Otan" партиясы " ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.