Терең тарихтан – жарқын болашаққа бес қадам

Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы – еліміздегі татулық пен достықтың нығаюына одан әрі жол ашатын маңызды іс шара болды. Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздігін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі маңызды деп санаймын.

Қазіргі таңда Еліміз күн санап жаңа дауірге қадам басып өсіп, өркендеп келеді. Осыған орай ұлтаралық қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың басты бес қадамын ерекше атап көрсетті. Соның ішінде айрықша тоқталған жағдай ерекше мәртебеге ие қазақ тіліне тереңірек мән берілгендігі мені өте қатты  қуантты.

Атап айтатын  болсақ:

Біріншіден, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық жаңғырудың өзегіне айналуы тиіс деді.

Екіншіден, Ұлттық жаңғырудың басында мемлекеттік тіл мәселесі тұруы қажет екенін  көрсетті.

Қазақ тілі – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі. Лексикалық  және әлеуметтік базасын кеңейтіп, жаңа қаріптік кескінге көшу керектігін атап өтті. Біз бұрынғыдай қазақ тілін сақтау қажеттілігі туралы мәселе көтермейміз. Қазақ тілі – елімізде ұлтаралық қарым-қатынас тіліне және біріктіруші факторға айналуы үшін барлық жағдай жасалғанын баяндады.

Үшіншіден. Қазақ халқының мемлекет құрушы субъект ретіндегі мәртебесін түсінуді нақты айқындады. Қазақ халқы басқа этностар үшін интеграцияның табиғи орталығына, ұлттың өзегіне айналуы керек. Сонымен қатар барлық этностар Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті бөліседі. Бұл – барлық сынға жауап берудің және Тәуелсіздіктің 29 жылында қол жеткізген жетістіктерді дамытудың жалғыз жолы. Бұл түсінікті қоғамда кеңінен насихаттау керектігіне тоқталды.

Төртіншіден. Ескірген көзқарастарды сақтай отырып, ұлттың модернизациялануы мүмкін емес. Пандемия жауапкершілік пен тәртіптің жоқтығын, кәсіби құзыреттіліктің, салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетті.

Бірақ, ең маңыздысы, еңбек – бұл ақша табудың міндеті емес, ең ұлы игілік, өзін-өзі толық тану, әлеуметтік қарым-қатынас және қоғамды мойындату мүмкіндігі екендігі белгілі болды. Ассамблеяның міндеті – еңбек, жауапкершілік, білім және кәсіби құндылықтарды белсенді насихаттау қажет екеніне ерекше тоқталды.

Бесіншіден. Биылғы оқиғалар COVID-19 аясында өрбіген инфодемия немесе этносаралық қатынастар тақырыбында халықтың жалған қапарттарға деген осалдығының жоғары деңгейін көрсетті. Бұл манипуляцияны алыс мақсаттар үшін мүмкін етеді және біздің міндетіміз – бұқаралық санада деструктивті өшпенділікке қарсы мәдени және ділдік қалқан құру» деді.

Қорыта айтқанда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей жоғарыда атап көрсетілген нақты қадамдарға қолдау білдіріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын болсақ, еліміз дамыған жарқын болашақта өмір сүретінімізге  кәміл сенемін.

Е. Баетов

Түркістан облысы ҚХА жанынан құрылған

«Жаңғыру жолы» РЖҚ жетекшісі

 

Back to top button