Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлерге өртке қарсы датчиктер орнатылды

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлерге өртке қарсы датчиктер орнатылды

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлерге өртке қарсы датчиктер орнатылды
ашық дереккөзі
806
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының басшысы Бауыржан Бейсенқанов қыс мезгілінде құтқару және алдын алу іс-шаралары жайында айтып берді. «2020 жылдың қыркүйек және қараша айларында қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы мәселесі бойынша қалалық Төтенше жағдайлар комиссиясының отырыстары өткізілді, оның барысында негізгі мәселелер көрсетіліп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Құтқарушылар қысқы кезеңде қайғылы жағдайға жол бермеу әрі мұздағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Карантиндік іс-шараларды ескере отырып, департамент қызметкерлері ZOOM режимінде бейнеконференц байланыс арқылы 3 500-ден астам оқушыны қамти отырып, 35 сабақ өткізді», – деді басқарма басшысы. Оның айтуынша, аңшылық дүкендер мен балық аулау орындарында 1000-нан астам жадынамалар мен буклеттер таратылып, 30 рейд жүргізілді. «Жылу беру кезеңінде қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері 41 мыңнан адамды қамти отырып, 28 300 үйді аралап шықты. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 381 адамның үйлерін қайта қарап шығу арқылы 29 840-тан астам жадынама таратылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 1 543 үйде 928 датчик орнатылды. 2019-2020 жылдағы қыс мерзімінде осы датчиктердің көмегімен бес азаматтың өмірін сақтап қалуға мүмкін болды. Ал қазан айынан басталған жылыту маусымында Байқоңыр ауданында тағы бір отбасы орнатылған датчиктер көмегімен құтқарылды», – деді департамент өкілі.

Серіктес жаңалықтары