Темір тор кедергі емес: Ақмола облысындағы түрмеде онлайн үйлену тойы өтті

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, екі ғашықтың қарым-қатынастарын заңдастыруға темір тор да кедергі бола алмайды. Неке және отбасы туралы кодекс сотталғандарға мекеме әкімшілігіне неке қию туралы өтінішпен жүгінуге құқық береді. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде неке қию рәсімі өтті. Және бұл бірінші рет емес. Жыл басынан бері колонияда сотталғандардың 5 некесі тіркелді. Махаббат жасқа қарамайды. Некеге тұрғандардың жасы 22-51 шамасындағылар. Жас жұбайлар ЕЦ-166/25 орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан Андрей мен оның сүйіктісі Аленаны некесін АХАТ қызметкері қиып, құттықтады.

«Біз бұған дейін үйленуді ойлаған жоспарлаған жоқ едік. Алайда, Андрей екі жылға сотталды. Бірақ соған қарамастан біз кешіктермей үйленуді шештік», – дейді қалыңдық.

Карантин жағдайы болса да, ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері заң аясында неке қию рәсімін ұйымдастырды. Зеренді аудандық АХАТ бөлімінің қызметкері Мендельсонның дәстүрлі маршымен және «Мен сені күйеу мен әйел деп жариялаймын» деген дәстүрлі сөздерімен құттықтады.  Ал сотталушы қалындығы мен құттықтауды онлайн режимде көрді.

 

Back to top button