233
Әйел зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицейдің басы дауға қалды (видео)
Әйел зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицейдің басы дауға қалды (видео)
Шымкентте полицей тұрғын үйдің кіреберісінде әйелді зорламақ болды деген күдікпен ұсталған ер адаммен селфи жасады. Тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желіде полицейдің зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен көлікте түскен суреті қызу талқыға түсті.
"Бұл қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс басталды", - деп мәлімдеді Шымкенттің полиция департаментінен.
Еске салсақ, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалған еді. Оқиға 17 желтоқсан күні болған.
Полиция күдіктіні ұстады. Ол Шымкент қаласының 1985 жылғы тұрғыны.
Тергеу кезінде ер адам әйелдің күртешесінен 8 мың теңгеге жуық ақшаны алып кеткені де анықталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.
Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.