359
Кандидаттар көпбалалы аналармен кездесті
Кандидаттар көпбалалы аналармен кездесті
«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық сайлауалды штабының мүшелері Рүстем Бегалиев, Аманалы Құрбанов пен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғалымжан Сағынтаев, Рүстем Қасымов, Дәурен Ахметжанов, Нұргелді Абдуалиев, Талғат Булекбаев, Сансызбай Махамбетқұлов, Талап Әбдібеков Қарасу ауылдық округіне қарасты Ащыбұлақ, Шайдана ауылдарына барып, көпбалалы аналармен жолықты.
Кездесу барысында үміткерлер сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыра келе, ондағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мен олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған бастамалармен бөлісті.
Кандидаттар ауданда арнайы әлеуметтік қызметтермен мұқтаждарды қамту үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін кеңейтіп, мүгедек балаларға арналған 4 оңалту және бейімдеу орталығын ашуды тездетуге қолғабыс ететіндерін айтты. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қол жеткізуді құру мақсатында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 25 нысанын бейімдеуге және мүгедектігі бар адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге уәде берді.
Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттармен танысқан халық үміткерлерге өздерінің сұрақ-ұсыныстарын жеткізді.
– Біз үшін сайлау – жарқын болашаққа кепіл бола алатын партияны ашық түрде сайлайтын процесс. Бүгінгі кандидаттардың осылай үйімізге келіп, жағдайымызды сұрап, сұрақтарымызға жауап бергені маған қатты ұнады. Сіздердің арқаларыңызда мен партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат алдым. Мен секілді әлі де ақпараттанбай жүрген ел-жұрт қаншама, сондықтан осындай ашық, бейресми кездесулер жиі өтіп тұрса екен, – дейді көпбалалы ана Айман Нақыпбекова.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.