23 элиталық жеңіл жүрісті әйел ұсталды

23 элиталық жеңіл жүрісті әйел ұсталды

23 элиталық жеңіл жүрісті әйел ұсталды
ашық дереккөзі
516
Алматы қаласының полицейлері қалада жедел іс-шаралар жүргізу кезінде жеңіл жүрісті әйелдері бар орынды анықтады. Элиталық жезөкшелері бар орын "Сауықтыру массаж орталығы" деген атпен жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Жезөкшелер үйі қаланың Медеу ауданындағы зәулім үйде орналасқан. Оның жұмысшылары, белгілі болғандай, тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жалпы, бұл бизнесті алға жылжытатын негізгі алаңдар – хабарландырулар, танысу сайттары және танымал мессенджерлер. Мысалы, бұл жеңіл жүрісті әйелдер өз істерін сауықтыру массажымен жамылды. Жалпы, кеше түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, олардың үшеуі Өзбекстаннан келген, қалғандары – отандастарымыз, негізінен оңтүстік өңірдің тұрғындары. Әкелінген әйелдердің жеке басы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров. Полиция сонымен қатар жеңілжүріспен айналысуға үй-жай берген ғимарат иесі, сондай-ақ, ұйымдастырушы да жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Фото интернеттен алынды!

Серіктес жаңалықтары