Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ертең, яғни 22 желтоқсан күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, қарлы бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ерең түнде Маңғыстау облысының да кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.

Back to top button