«Nur Otan» аудандағы 6 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді

«Nur Otan» аудандағы 6 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді

«Nur Otan» аудандағы 6 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді
ашық дереккөзі
246
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штаб мүшесі, жырау, фольклор зерттеушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Алмас Алматов пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов, Аманжол Оңғарбаев, Шәкизада Әбдікәрімов, Орынбасар Төлепов, Индира Әбдібекова, Нұрлан Бисембаев аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Әділ Қошалақов, Дастан Буханов, Бақытжан Нысанбаев, Алпысбай Серкешбаев, Айдынбек Скендіров аудандық жыраулар үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының Қармақшы ауданын дамтыуға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, облыстық жастар саясаты, тұрғын үй мәселесі, ауылшаруашылық саласы, кәсіпкерлік тақырыптары сөз болды. – «Nur Otan» партиясының негізгі бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Бұл бағыттағы «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ. Мәселен тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру мақсатында ауқымды жоспарлар құрып отырмыз. Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың қарасы көп. Сондай-ақ, жер кезегінде тұрған азаматтар да ескеріледі. Осы орайда партия жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, сонымен қатар жеке инвестицияларды тартуға, аудандағы 6 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етпек. 2021-2025 жылдар аралығында 371 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, оның ішінде көп балалы отбасылар үшін 50 тұрғын үй құрылысы жүргізілмек. Нәтижесінде, 2025 жылы 895 отбасы тұрғын үймен қамтылатын болады, – деді үміткер Н.Байқадамов. Үміткерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді

Серіктес жаңалықтары