382
Ақтөбеде экологиялық жағдай жақсарады
Ақтөбеде экологиялық жағдай жақсарады
«Nur Otan» партиясяның сайлауалды бағдарламасы аясында қала тұрғындарымен онлайн форматта кездескен Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Хамитов, Нұргүл Абишева және сенімді өкіл Ақсұлу Қайырманова олардың сұрақтарына жауап берді.
«Бізді қоршаған орта халықтың әл-ауқаты мен олардың денсаулығының маңызды көрсеткіші» деген Талғат Хамитов алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясының қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін жұмыс жасайтынын айтты.
– Қалада экологияға жыл сайынғы шығарындылар 30 мың тоннаға дейін жетеді. Жылына орта есеппен 380 мың м³ қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады екен. Осы үшін енді қаланың өнеркәсіптік объектілерінде жаңа технологиялары еңгізіледі. АКТ-ға көшу, оның ішінде атмосфераға шығарындыларды азайту үшін АФЗ зауытында автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу жоспарда тұр.
2022 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы қолданыстағы ҚТҚ полигонының қуатын 3 мың м³ дейін ұлғайту жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Қолданыстағы қоқыс сұрыптау кешені жаңғыртылады. Кемінде 50 қоқыс алаңын жасау жоспарланды. Қаланың жанданған жерлерінде жыл сайын кемінде 10 стационарлық дәретхана орнатылады, – деді ол.
Сонымен бірге партия аясында барлық мәселенің шешімі табылатынын айтып, сайлауға келуге шақырды. Қоғамдық қабылдауда болған Нұргүл Абишева бүгінде тұрғын үй кезегінде 24 мыңнан астам адам тұратынын айтты.
– «Nur Otan» партиясы ақтөбеліктердің барлығын үймен қамтамасыз еткісі келеді. Дегенмен қаламызда шамамен 150 мың отбасы тұрады. Әр адамда жеке үй болса отбасының үйлесімді дамуының негізі болады. Осы үшін біздің партия алдына бірнеше міндеттерді қойып отыр. Алдағы бес жыл ішінде кемінде 4 млн шаршы метр тұрғынүй салынады. Нұр Ақтөбе мен Батыс екі аудандарына жыл сайын үй салынатын болады. Жыл сайын көпқабатты үйлердегі лифт жаңартылады, – деді ол.
Айта кетейік, кандидаттарды қоғамдық қабылдау кезінде тұрғындардың сұрақтарына назар аударып, мәселелерінің оң шешімі болатынын жеткізді. Сонымен қатар партияның алдағы бес жылдыққа қойған негізгі бағыттарымен бөлісті.
Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық Сайлау қорынан төленді.