361
Облыстық перинаталды орталықтың құрылысы аяқталады
Облыстық перинаталды орталықтың құрылысы аяқталады
Бұл туралы Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлмира Тәңірбергенова «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын тікелей эфирде түсіндіру барысында айтты.
Әлеуметтік желідегі оқырмандармен онлайн байланысқа Гүлмира Тәңірбергеновадан бөлек Азамат Базар мен Гүлмайрам Габдушева шықты. Оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, оларды 10-қаңтарда өтетін сайлауға шақырды. Бағдарлама аясында медицина, білім, жастар, кәсіпкерлік бағытын талқылады.
– Біздің партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш салады. Алдағы жылдан бастап медициналық қызмет көрсетудің сапасын артады. Біз үшін COVID-19 пандемиясы үлкен сынақ болды. Медицина саласындағы мамандар үшін өте қиын болғаны анық. Сондықтан көп адамды осы саладағы өзгерістер алаңдататыны анық. Бұл індеттің алғашқы толқынында халық дәрілік препараттар мен медициналық құралдардың тапшылығына, сондай-ақ медициналық мекемелердің толып кетуіне тап болды. Десе де барлығы реттелді. Енді келер жылдан бастап партия медицина саласына өз үлесін қосады. Бағдарламада көрсетілгендей 2021 жылы ауысымына 150 адам қабылдайтын 200 төсекке консультациялық-диагностикалық бөлімшесі бар Облыстық перинаталдық орталықтың құрылысы аяқталады.
Ал 2022 жылы Ақтөбе медициналық орталығы аумағындағы корпус құрылысын аяқтау жоспарда тұр. Сонымен қатар Қарғалы қалалық ауруханасына 3 қабатты жапсаржай құрылысы да аяқталатын болады. 2023 жылы облыстық туберкулез диспансерінің құрылысы аяқталып, жұмысын бастайтын болады. Қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жапсырма құрылысының №4 қалалық емханасының Отбасылық денсаулық орталығының құрылысы 2024 жылы аяқталады, – деді Гүлмира Тәңірбергенова.
Медицина саласында «Түркия, Израиль, Оңтүстік Кореяның және Ресей Федерациясының жетекші клиникаларында жыл сайын кемінде 10 дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік бар» деген Гүлмайрам Габдушева одан басқа кәсіпкерлік саласы туралы да айтып өтті.
– Партия бағдарламасының қай бағытын алып қарасақ та жаңашылдық, тиімді өзгерістер күтіп тұрғанын байқаймыз. Ең бастысы халық қолдаса болды. Барлығы іске асатын болады. «Nur Otan» партиясы шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосатынын менен бөлек кандидаттар да айтып жүр. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін пайдалана отырып, жылына кемінде 100 жобаны қолдайды. Субсидиялау бойынша 40 жоба және кепілдік беру бойынша 60 жоба тұр. 2025 жылға дейін экономиканың басым секторларында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға бір жылда кемінде 25 грант бөлінеді. Кәсіпкерлер үшін жыл сайын кәсіп ашу және бизнес жүргізу бойынша оқу курстарын, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 20 мыңнан астам жұмыс орыны құрылып, ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 133,4 мың адамға дейін артады, – деді Гүлмайрам Габдушева.
Эфир барысында жастар мәселесіне тоқталған жас кандидат Азамат Базар желі оқырмандардың барлығын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Жастар үшін жасалатын жаңалықтармен бөлісіп, экология саласына да шолу жасады.
Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық Сайлау қорынан төленді.