214
Президентке «Теңіз» кенішіндегі коронавирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды
Президентке «Теңіз» кенішіндегі коронавирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды
Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі коронавирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды.
Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.
Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.