Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі атауын өзгертті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі атауын өзгертті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі атауын өзгертті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамыр айында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті. 2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді. Бүгінгі күннен бастап банктің толық атауы: - мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы; - орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»»; - ағылшын тілінде: joint stock company ««Otbasy bank» house construction savings bank». қысқаша атауы: - мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ; - орыс тілінде: АО «Отбасы банк»; - ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank». Банктің жалғыз акционері болып - акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қала бермек. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі. Бүгіннен бастап «Отбасы банк» деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейтін болады.