285
Дәрігер ұйқысыздықты тудыратын өнімдерді атады
Дәрігер ұйқысыздықты тудыратын өнімдерді атады
Ресейлік дәрігер, танымал тележүргізуші Елена Малышева ұйқы сапасын нашарлататын өнімдерді атады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарды ол ең алдымен алкоголь өнімдерінен бас тартуға шақырды, өйткені спиртті ішімдіктер үзіліссіз ұйықтауға кедергі келтіреді.
Сондай-ақ, маманның сөзінше, ұйқының сапасын төмендететін өнімдер қатарына кофе кіреді.
"Біріншіден, кофе әлсіз психостимулятор, екіншіден, бұл күшті диуретик. Сіз ұйықтап қалған соң, 20 минуттан кейін қайта оянасыз, өйткені дәретханаға барғыңыз келеді", — деп түсіндірді дәрігер.
Майлы және ащы тағамдар ыңғайсыздық пен асқазанда қыжыл тудыруы мүмкін, нәтижесінде адамның ұйқысы бұзылады.
"Егер сізде ұйқысыздық пайда болса, ұйықтар алдындағы ас мәзіріңізді ретке келтіріңіз", — дейді Малышева.
Ұйықтар алдында пайдалы тағам ретінде дәрігер айран, пісте, шие, күркетауық, шпинат және күнжітті ұсынды.