249
Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.
«Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», – деді А.Мамин.
ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатындардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды.
Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау – инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады. Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын тәуекел тобындағы адамдар айқындалды. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болуы мүмкін екені де айтылды.
