240
ADAL партиясы проблемалық несиелер мәселесін шешуге күш салмақ
ADAL партиясы проблемалық несиелер мәселесін шешуге күш салмақ
ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар және партия өкілдері өңір тұрғындарымен кездесіп, шағымын тыңдады.
Бүгін кандидаттар Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай облысының Затобол ауданы Тобыл және Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті. Ақмарал Бекмурзаева партияның бағдарламалық басымдықтары, партия сервистерінің жұмысы туралы айтып берді.
Қала тұрғындары тауарлардың бағасы өскенін және жалақының төмен екенін айтып шағымданды. Олжас Ордабаев партия бағдарламасында оқытушыларға, дәрігерлерге және бюджет саласының басқа да қызметкерлеріне орташа жалақыны 200 мың теңгеге дейін арттыру мәселесі бірінші орынға қойылғанын атап өтті.
Тобыл қаласының кәсіпкері басқа мәселені көтерді: «Мемлекет бірінші кезекте ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдаса екен деймін. Олар үшін неғұрлым жеңілдетілген шарттар бойынша субсидиялар қажет».
Рудный қаласының тұрғындары нашар жолдарға шағымданып, проблемалық несиелерді әкімшілендіруді жүргізуді ұсынды. Партия мүшелері бұл міндеттер партия бағдарламасының бір бөлігі екенін атап өтті.
Мәжіліс депутаттығына кандидат Ләззат Шыңғысбаева Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуін жалғастырды. Ол Жансүгіров ауылы және Сарқан қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол адамдар АӘК көрсету критерийлерін жетілдіруге, көмекті әділ бөлуге жәрдемдесу қажет деп санайды. Ауылдағы жалғызбасты аналар баспана алу үшін қолайлы жағдай жасау керегін атап өтті.
Кездесуде адамдар бизнесті қалай ашу керегін, өз ісін неден бастау керегін білмейтіні белгілі болды. Кандидат осы мәселеде адамдарға көмектесе алатын сайт қызметтері туралы айтты.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Ғалымбек Жақсылықов Қызылорда облысы Қорған, Шиелі ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге тұрғындар жол жағдайының нашар екенін, сапасыз су, газбен қамтамасыз ету, жұмыссыздық мәселелерін көтерді.
Депутаттыққа үміткерлер олардың көбінесе аймақтардағы мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдаланудан туындайтынын баса айтты. Дәулет Мұқаев партияның веб-сайты арқылы Жаңақорған ауданына бөлінген 22 млрд теңгенің қайда жұмсалып жатқанын көрсетті. Сондай-ақ аудандарда полиция мен медициналық қызметкерлердің жоғына алаңдаушылық білдірілді. Ал жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлерге несие беру пайызын төмендету қажет. Ол партия бюджеттік қызметкерлердің жалақысын көбейтуді қолдайтынын хабарлады. Тұрғындардың бірі әр азаматта тегін жер болуы керегін айтты.
Дәулет Мұқаев партия жергілікті бюджет қаражаты есебінен ипотекалық бағдарламалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынатынын атап өтті. Партия мүшелері проблемалық мәселелер бақылауға алынып, оларды шешуде көмек көрсетілетін болады деп сендірді.