408
Түркістан: Нұротандықтар жұмыс орындарын көбейтуді қолға алмақ
Түркістан: Нұротандықтар жұмыс орындарын көбейтуді қолға алмақ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Бос әңгіме емес, нақты жобалар талқыланды. Темірланда өткен үгіт-насихат жұмыстарына Өміртай Амалбек Даркенұлы, Нурмаханов Ерлан Заипович, Абіш Дулатбек Назарбекұлы, Тағаев Бақтияр Мұратұлы, Бердімұрат Әлиасқар, Дүйсенбиев Жангелді сынды үміткерлер қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының бағдарламасын таныстырды. Темірлан тұрғындарының мәселелері тыңдалып, үміткерлер алдағы уақытта бұл мәселелердің шешім табуына ықпал ететіндігін айтты.
Үміткерлер жастар мәселесін де қозғап, жастардың ел болашағы екендігін, болашағымыздың қандай болмағы жастарымызға байланысты екендігін де айтты. Үгіт-насихат жұмыстары барысында ауыл ақсақалдары үміткерлерге риза болып, батасы бергенін де айта кету керек. Бұл тұрғындардың үміткерлерге, сондай-ақ, "Nur Otan" партиясына деген ризашылығының көрінісі болса керек.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында "Есіктен-есікке" акциясы аясында үй-үйге агитация жүргізілді. Оларға ақпараттық қағаздар үлестіріп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Ауыл тұрғындары көкейлеріндегі мәселелерін қозғап, облыстық мәслихат депутаттығы кандидаттарынан тұшымды жауап алды.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін Түркістан облысында жаңа жұмыс орындарын көбейтеді. Партия 124,9 мың жаңа жұмыс орнын (жылына орта есеппен 24,9 мың) ашу міндетін қояды, оның ішінде 67,5 мың тұрақты. Нәтижесінде облыс бойынша орташа жалақыны 149,4 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланған.
Міндет – айқын, жоспар белгілі. Елдің жетекші партиясына дауыс бер!Ол үшін «Nur Otan» партиясы:
2020 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 39,8 мың жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал жасайды, оның 16 мыңы – тұрақты;
Индустриялық аймақтардан шамамен 3,6 мың жаңа жұмыс орнын құратын 58 серпінді инвестициялық жобаны іске асыруға ықпал етеді.
"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді