Қазақстанда радикалды топтың мүшелері ұсталды

Қазақстанда радикалды топтың мүшелері ұсталды

Қазақстанда радикалды топтың мүшелері ұсталды
ашық дереккөзі
433
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) радикалды топтың 20 мүшесі ұсталды деп хабарлады. Мәлімдемеде 12-30 тамыз аралығында Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысы аумағында үш радикалды топтың іс-қимылдарының жолы кесілгені айтылады.

Комитет ақпараты бойынша, Батыс Қазақстан облысы сотының шешімімен 10 адам және Ақтөбебе облысы сотының шешімімен 11 адам қамауға алынған.

«Нәтижесінде радикалды топтың құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасау пиғылдарының жолы кесілді. Сонымен бірге халық көп жүретін қоғамдық орындарда терактінің алдын алынды», — делінген комитет хабарламасында. Хабарламада ұсталғандардың үйлерінен қару-жарақ, жарылғыш заттар мен экстремистік мазмұндағы әдебиеттер табылғаны айтылады. Қамауға алынғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу ісі басталған.

Серіктес жаңалықтары