Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан жеңіліп қалды (видео)

Голливудта (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтіп жатқан Головкин-Шеремета аясындағы шоуда жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Екінші орта салмақта IBO санаты бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін эквадорлық Карлос Гонгораға қарсы кездесу өткізген Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) он екінші раундта нокдаунға түсіп қалып, нәтижесінде жекпе-жекті жалғастыра алмады.

25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетіп, соның ішінде 13 қарсыласын нокаутпен жеңген.

https://www.youtube.com/watch?v=SoLj6mfVNlY

Естеріңізге сала кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 KO) қарсы жұдырықтасады. Аталған кездесу Нұр-Cұлтан уақыты бойынша шамамен 07:00-де басталады.

Back to top button