256
«Nur Otan»: Әркім жарқын өмірге лайық
«Nur Otan»: Әркім жарқын өмірге лайық
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Демеш Хусаинов кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Жиынға Абай Сақтағанов, Аслан Мұсаев, Жанар Жанаманова да қатысты.
«Nur Otan» партиясы әркімнің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді» деген Демеш Хусаинов бұл үшін партияның халыққа барлық жағдай жасайтынын түсіндірді.
– Қаламызда жыл сайын кемінде 6 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру есебінен 250 жұмыс орнын құрумен Болат дайындамалар өндіру бойынша электрометаллургиялық зауыттың 1-ші кезеңі алдағы жылы салынады. Ұтқыр бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды күрделі жөндеуге арналған қондырғыларды және олардың жиынтықтауыштарын өндіру бойынша 150 жұмыс орнын құрумен зауыт ашылады. Сонымен бірге 120 жұмыс орнын құрумен ТБИ өндірісі бойынша зауыт салу жоспарда тұр. 2022 жылы 120 жұмыс орнын құрумен 2-ші сұрып прокат өндірісінің кезегі салынады. 36 жұмыс орнын құрумен диализаторлар өндірісі бойынша зауыт және Арматура бекіткіштерін, ППУ құбырларына арналған центраторларды өндіру бойынша 16 жұмыс орнын құрумен цех салу келер жылғы кезекте тұр. Бес жыл ішінде осыдан бөлек зауыттар да салынады, – деді ол.
Жиынға қатысқан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Жанаманова бағдарлама ішінде кәсіпкерлерге арналған бірнеше бағыттары бар екенін түсіндірді. «Nur Otan» партиясының барлық салаға аса мән бергенін де атап өтті.
– Осыған дейін де «Nur Otan» партиясының жеті басымдылығы туралы айтылып жүр. Бағдарламада кәсіп бастайтын жандар үшін ерекше мән беріп отыр. Кәсіпкерлер үшін жыл сайын кәсіп ашу және бизнес жүргізу бойынша оқу курстары жүргізіледі. Семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай 20 мыңнан астам жұмыс орыны құрылады. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 133,4 мың адамға дейін және бюджетке түсетін түсімдердің үлесі 60%-ға дейін артады деген жоспар бар. Барлық адамдар үшін кәсіппен айналысу тиімді болып тұр, – деді ол.
Айта кетейік, Абай Сақтағанов пен Аслан Мұсаев бағдарлама аясындағы экология, экономика, жастар, тарих пен мәдениет бағыттарына тоқталды. Олар «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты.
Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық Сайлау қорынан төленді