234
Адалдықтар бизнесті дамытуға бағытталған гранттар көлемін ұлғайтуға ниетті
Адалдықтар бизнесті дамытуға бағытталған гранттар көлемін ұлғайтуға ниетті
ADAL партиясының өкілдері өңірлерде коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі, әлеуметтік қолдау мәселелері жөнінде кездесулер өткізді.
Депутаттыққа кандидат Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева Ақмола облысы Атбасар қаласының тұрғындарымен жүздесті. Зейнеткерлер, көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар партия бағдарламасы туралы ақпаратты тыңдап, өзекті мәселелерді айтты.
Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек төлеу критерийлерін қайта қарау қажеттілігі мәселесін көтерді.
«Мен құжаттарды тапсырған кезде отбасым мен анамның табысы өте аз деп есептелді. Осының нәтижесінде, мемлекеттік орган біздің табысымыз АӘК берілетін көрсеткіштерден асып түседі деп есептеді. Сондықтан бізге төлем жасаудан бас тартты. Бірақ іс жүзінде біздің табысымыз аз», – деді тұрғындардың бірі.
Ол критерийлерді жұмсарту жағына қарай қайта қарауды және АӘК үміткер адамға жалпы табыстың шекті сомасын арттыруды ұсынды.
Қаланың көп қабатты үйлерінің тұрғындары жаңа шағын ауданды сумен жабдықтау мәселесіне шағымданды.
«Неліктен үйлерді салуға және пайдалануға үлкен қаражат бөлінген кезде сапасы талапқа сай емес. Мұнда үй салынды, адамдар қоныстанды, ал жоғары қабаттарға су көтерілмейді. Адамдар зардап шегуде», – деді қала тұрғындары.
Атбасар тұрғындары жол жөндеу мәселесін айтты.
«Бірнеше жылдан бері кейбір жолдарды жөндеу жүріп жатыр. Жыл сайын олар жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бірақ олардың жағдайым осымен нашар болып қала береді. Ақща қайда кетуде? Сапа қайда?», – деді ол.
Депутаттыққа кандидаттар мемлекеттік қаражатты тиімді жұмсау-жаппай мәселе екенін атап өтті.
«Партия бұл мәселені барлық деңгейде көтереді», – деді партиялықтар.
Кездесу барысында атбасарлықтар да несиелерді жабу мәселесін көтерді.
«Несиені төлеу мүмкіндігі болмаған кезде не істеу керек?», – деп сұрады тұрғын.
Өзекті мәселеге қатысты Олжас Ордабаев: «Біз бұл қазақстандықтар үшін өте маңызды мәселе екенін түсінеміз, сондықтан жоғары несиелерге рақымшылық жасау – партиялық бағдарламаның басты міндеттерінің бірі», – деп жауап берді.
Сонымен қатар үміткерлер Есіл қаласы мен Әулиекөл ауылының тұрғындарымен кездесті.
ADAL партиясынан Мәжіліске депутаттыққа кандидаттар Түркістан қаласында да кездесулер өткізді. Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев, Ардақ Назаров және Алмасбек Садырбаев қала тұрғындарымен кездесті.
Олар қала тұрғындарын партия бағдарламасымен таныстырды, үгіт-насихат кезеңіне арналған бастамалар мен жоспарларды талқылады.
Атап айтқанда, Мақсат Толықбай Ауыл шаруашылығын қолдаудың маңыздылығы туралы айтты. Ол партия ауылдардың сапалы дамуы үшін жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды іске асыруға жәрдемдесуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Тұрғындар газдандыру бағдарламасының уақытылы жүзеге аспауы, жол сапасы, бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуы, бизнесті ашудың қиын екеніне шағымданды.
– Мен көпбалалы анамын, техник болып жұмыс істеймін. Өз жек кәсібімді ашқым келеді. Бірақ неден бастауды білмеймін, – дейді тұрғын.
Өз кезегінде, Мәжіліс депутаттығына кандидат Дәулет Мұқаев партияның сайты дайын бизнес – жоспарды тегін жүктеп, нақты өңірде кәсіпкерлік үшін өз идеясын табуға мүмкіндік беретінін айтты.
Мақсат Толықбай: «Сонымен қатар, біз жоғары несиелер мәселесін шешуге көмектескіміз келеді. Рақымшылық жасау, бизнесті дамытуға гранттар көлемін ұлғайту керек», – деп толықтырды.
Мәжіліске депутаттыққа кандидаттар партия бағдарламасымен таныстырды.
Атап айтқанда, Мақсат Толықбай Ауыл шаруашылығын қолдаудың маңыздылығы туралы айтты. Ол партия ауылдардың сапалы дамуы үшін жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды іске асыруға жәрдемдесуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар мүгедектерге арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туралы да айтты.
Сондай-ақ спортты дамыту мәселесін Ардақ Назаров айтты.
Тұрғындардың бірі рухани құндылықтарды сақтауға бағытталған идеологиялық жұмыстарды жүргізудің маңыздылығы туралы мәселені көтерді.
«Біздің балаларымыз үлгі алатын кейіпкер жоқ. Біз батырлар мен ақындарды үлгі тұтуымыз керек. Балалар тек шетелдік мультфильмдерді көреді», – деді.
Мәжіліс депутаттығына кандидат Лаззат Шыңғысбаева Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуін жалғастырды. Ол Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы мен Қаратай ауданы Үштөбе ауылына барды.
Ауыл тұрғындары партия бағдарламасына қызығушылық танытты.
Үштөбе ауылының тұрғындары ауылдарды дамытуға бөлінген қаражатқа неліктен ауылдағы жол жөнделмейтінін сұрады.
«Ақша бар. Неліктен олар бізге бірнеше жыл бойы үйде су өткізуге уәде бергенімен оны орындамайды? Біз әр құдықтан шелектеп тасып жүріп су жинаймыз. Жазда суды біз өзеннен аламыз. Неліктен аудан орталығында жолдар жөнделмейді?», – деді.
Кандидат ауыл тұрғындары айтқан мәселені бақылауға алуға уәде берді.