Партияның қалалық филиалында штаб мүшесі «Қамқор» балалар үйінің еңбек ұжымымен кездесті.
Қалада карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты кездесу онлайн режимде өтті. Кезекті үгіт-насихат кездесуінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланды.«Nur Otan» партиясы қаланы дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Білім берудің барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету облысты одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында 2020-2021 оқу жылының 2 тоқсанында 760 мектептің 428 574 мың оқушысының 347 998 қашықтан оқытудың жаңа форматына көшті. ТжКБ жүйесінің 416,8 мың оқушысы және 26,7 мың студенті қашықтан оқытудың жаңа форматына көшті.ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАҒЫТЫ:
Экономикалық тұрақты аймақ, қолайлы аймақ, әлеуметтік-бағдарланған аймақ, жастарға арналған аймақ, тарихы мен мәдениеті бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймақ.

- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85%-ке дейін ұлғайту;
- жоғары және бірінші санаты бар педагог кадрлардың үлесін 43%-ке дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту есебінен ұлғайту.
- үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орындық 40 жаңа мектеп салу
- 39 бейімделген мектептің орнына 6260 орындық 49 жаңа мектеп салу
- 101 білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізу;
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында "Nur Otan "партиясы" сайлау қорының қаражатынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді. Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында "Nur Otan" партиясы " ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.