256
Біреудің көлігін талқандаған мас жүргізуші бар кінәні 11 жастағы ұлына жапты
Біреудің көлігін талқандаған мас жүргізуші бар кінәні 11 жастағы ұлына жапты
Мәскеу маңындағы Одинцово қаласында мас күйінде рөлге отырған жергілікті тұрғын жол-көлік оқиғасын ұйымдастырып, бар кінәні 11 жасар ұлына жапты. Бұл туралы "Комсомольская правда" құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Александр есімді жүргізуші Можайский тас жолындағы аулалардың бірінде өзінің Fiat автокөлігімен тұрақта тұрған Mersedes-ті соқты. Апат туралы полицияға хабарлауды жөн көрген ер адам тәртіп сақшыларына көлігін баласы ұрлап мініп, жол-көлік оқиғасына себепші болғанын айтқан.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне Александр өз баласы бір емес, бірнеше рет көлік кілтін ұрлағанын жеткізген. Алайда 11 жастағы баламен сөйлескен тәртіп сақшылары оның әкесі өтірік айтқанын біледі: Александр ұлына оның кәмелеттік жасқа толмауына байланысты ешқандай жаза қолданылмайтынын, ал оны жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін екенін түсіндіріп, кінәсі өз мойнына алуын өтініпті.
Полиция тексеруді бастады. "Комсомольская правда" дереккөзінің хабарлауынша, Александр 1,5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.