Алматыда «Ақ жолға» дауыс бер!» жастар флешмобы өтті

Алматыда «Ақ жолға» дауыс бер!» жастар флешмобы өтті

Алматыда «Ақ жолға» дауыс бер!» жастар флешмобы өтті
ашық дереккөзі
220
Шараны «Ақ жол» ҚДП Алматы филиалының Жастар кеңесі ұйымдастырды. Флешмобты ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық және карантиндік нормалар сақталды. Қазақстандық жастарды қолдау – партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі. Партия тұғырнамасында: «Жастардың еркін таңдау жасауына мүмкіндігі болу керек. Қазақстанға бастамашыл, мықты және өзіне сенімді жастар қажет», – деп атап өтілген. Флешмобтың би ырғағы ешкімді бей-жай қалдырмады. Науқан «Мекенім Қазақстан» әнімен аяқталды. Жас «ақжолдықтар» еріктілермен бірге алматылықтарға үгіт-насихат материалдарын таратып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары