189
Шетелден ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Шетелден ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды
2020 жылғы 16 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 4 қазақстандықтан COVID-19 анықталды.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келген.
2 052 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 674 адам, анықтамасыз 378 ҚР азаматтары болған.
«2020 жылдың 16 желтоқсанында анықтамасыз келген 311 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», – делінген хабарламада.