Партия жұмыссыздық мәселесімен күреседі

Партия жұмыссыздық мәселесімен күреседі

Партия жұмыссыздық мәселесімен күреседі
ашық дереккөзі
285
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында нұротандықтар белсенділік танытып бастады. Халықты партияның мүдделі жұмыстарымен таныстыру бағытында онлайн, офлайн кездесулер, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру т.б. әдістермен қатар тұрғындардың үйлеріне бару акциясын жүзеге асыруда. Маңғыстау облысындағы іс-шара барысында ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутатына үміткерлер, олардың сенімді өкілдері, ерікті жастар үй-үйді аралап тұрғындармен жанды форматта кездесу өткізді. Үнпарақтар таратып, сауалдарын, ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты. Партия өкілдері барлық кеңес-пікірлерді орталық аппаратқа, жергілікті билік өкілдеріне, Үкіметке жеткізіп, шешу жолдарын қарастыруды бақылауға алады. жұмыссыздық «Есіктен есікке» акциясы аясында бүгін облыс бойынша кандидаттар күндегідей өте белсенді болды. Облыстың қалалары, аудан орталықтары,  ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болып, үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Төтенше жағдай уақытында бастауыш партия халықпен бірге болғаны айтылып, Елбасы бастамасымен халыққа көмек көрсетілгені жеткізілді. Партияның 5 жылдық жұмыс жоспары таныстырылып, жұмыссыздық мәселесін азайту, кәсіпкерлерді қолдау, тұрақты жұмыс орындарын көбейту, баспана мәселесі, білім мен медицина саласын жетілдіру, барлық саланы цифрландыру, туризмді дамыту т.б. бойынша жоспарларын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары