448
Шеген ауылының тұрғындары үміткермен жүздесті
Шеген ауылының тұрғындары үміткермен жүздесті
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Манат Карбозов «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен Шеген ауылында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындармен кездесу барысында кандидат «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылда атқаратын жұмысын, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сондай-ақ ол партияның бұған дейін атқарған жұмыстарын еске түсіріп, қандай жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Аймақтың әлуеметтік-экономикалық дамуында «Nur Otan» партиясының алар орны ерекше екенін айтты. Кандидат жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, азаттық жолында құрбан болған азаматтарды бір сәт еске алуды ұсынып, тағзым жасады. Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, «СЫМА-К» шаруа қожалығының басшысы Карбозов Манат Кәкімжанұлы жиналғандарды 2021 жылдың 10-қаңтарында азаматтық белсенділік танытуға шақырып, сайлауға келуге үндеді. «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.