278
«Кселл» мен Ericsson Қазақстанда LTE желісін іске қосты
«Кселл» мен Ericsson Қазақстанда LTE желісін іске қосты
«Кселл» өз абоненттеріне тосынсый жасауды әдетке айналдырып келеді. Жақында ғана тұтынушыларына «жағымды жаңалық жариялаймыз» деген ұялы байланыс операторы уәдесінде тұрған жайы бар.
«Кселл»АҚ Қазақстанда 4G/LTE желісінің іске қосылғаны туралы хабарлады. Жоба ең үздік LTE технологияларымен, қызметтерімен жабдықтаушылардың бірі «Ericsson» компаниясымен (NASDAQ: ERIC) серіктестікте жүзеге асырылуда. Төртінші буын қызметін алғашқы болып Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, сонымен қатар 4G/LTE желісін бірлесіп пайдалану туралы Beeline Қазақстанмен келісім аясында Астана, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай, Өскемен, Бурабай, Павлодар, Семей, Сәтпаев секілді 9 қала абоненттері пайдалана алады.
«Кселл» компаниясы әлемдегі ең үздік LTE технологияларымен және қызметтерімен жабдықтаушы ұйымдардың бірі «Ericsson» компаниясының жабдықтары негізінде құралған ең соңғы үлгідегі заманауи мультитехнологиялық желіні пайдалана отырып 4G/LTE-ні іске қосты.
«Ericsson мен Kcell Қазақстанға елді мобильді кеңжолақты желімен қамту аймағын кеңейтетін және қатары күн өткен сайын көбейе түсетін абоненттерге жылдам әрі сенімді Интернетті пайдалану мүмкіндігін беретін ең жаңа LTE технологияларын әкеліп отыр. Бұл Kcell клиенттеріне қызметтің үздік сапасының рахатын көріп, технологиялар біріктірген қоғамдағы жаңа мүмкіндіктердің әлеуетін байқап көруге жол ашады. Жоба – ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан Kcell мен Ericsson серіктестігі тарихындағы ең маңызды оқиға. Біз Kcell-дің Қазақстанның мобильді саласын ары қарайғы дамытуындағы іс-әрекетіне қолдау білдіре аламыз деген сенімдеміз», – деп пікір білдірді Ericsson компаниясының Солтүстік Еуропа және Орталық Азия аймағындағы Басшысы Питер Лорин.
4G/LTE желісі 100 Мбит/сек көрсеткішіне дейінгі ең жоғарғы жылдамдықты қамтамасыз ете алады. Компания 2016 жылдың соңына дейін бірлескен желімен Қазақстан халқының 30 пайызын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жекелей алғанда бұл LTE желісін дамыту туралы екі оператордың бірлескен келісіміне кіретін 13 қаланы қамту арқылы да жүзеге асатын болады.
«Сауда орталықтарындағы пилоттық LTE аймақтарымыз ашылғалы бері 200 мыңнан астам абонент 4G интернетімізді тестілеп көрді. Қазір компаниямыздың абоненттерінің 25 пайыздан көбі 4G/LTE қолдайтын смартфондарды пайдаланады. Сондықтан біз төртінші буын желісін LTE-құрылғылар ең көп таралған аймақтарда іске қосып отырмыз. Бұл абоненттеріміз қолданатын гаджеттердің жалпы санының шамамен 20-25 пайызға тең», – деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Төртінші буын желісі 800 МГц және 1800 МГц жиілік диапазондарында жұмыс істейтіндіктен, ғимараттар ішіндегі сигнал қабылдау бұрынғыға қарағанда тұрақтала түседі, бұл мобильді интернет сапасын айтарлықтай арттырады. Ал елдегі ең ірі мегаполис – Алматы тұрғындары мәліметтер жеткізу жылдамдығын 100 Мбит/сек дейін жеткізе алатын LTE Advanced желісін пайдалана алатын болады.
«Кселл» клиенттерінің өмірін барынша жайлы етіп, оларды ең жоғарғы әлемдік стандарттарға сай сервиспен қамтамасыз етуге тырысады. 4G/LTE желісінің іске қосылуы абоненттерімізге барынша аз уақыт ішінде үлкен көлемдегі ақпаратпен жылдам алмасуға мүмкіндік береді», – деді Арти Отс.
Kcell және activ абоненттеріне ыңғайлы болуы үшін бүкіл Қазақстан бойынша заманауи Kcell Store және Kcell Center дүкендері жұмыс істейді. Аталған дүкендерден келісім-шарт негізінде де, толық баға бойынша да қолданушылар үшін қолжетімді 4G/LTE-девайстар алуға болады. Кәсіби кеңесшілер төртінші буын желісінің барлық мүмкіндіктерін барынша ыңғайлы жолмен пайдалануға мүмкіндік беретін тарифті және құрылғыны таңдауда көмекке келеді.
Смартфонның және SIM-картаның 4G/LTE желісін қолдайтынын білу үшін абонентке *256# USSD командасын теру керек. Қажетті ақпарат жауап хабарлама түрінде келеді.
Айта кету керек, «Kcell» АҚ мультимедиалық хабаламалармен алмасу, мобильдік контентке кіру сияқты ұялы дауыстық байланыстар, қысқа хабарламаларды жіберу қызметтерін, қосымша қызметтерді (VAS), сонымен қатар деректерді табыстау қызметтерін, соның ішінде Интернет желісіне қосылу қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылған: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер болып табылатын (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания іс жүзінде Қазақстан Республикасының бүкіл тұрғылықты аумағын қамтитын ұялы байланыстың жоғары сапалы желісінің көмегімен қызметтер ұсынады.
2012 жылдың желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (ғаламдық депозитарлық қолхаттар) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларды орналастыруды сәтті аяқтады. Баға GDR үшін 10.50 АҚШ доллары деңгейінде және акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келді. Орналастыруға Kcell акционерлік капиталының 25 пайыздық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана мөлшеріндегі TeliaSonera компаниясының акцияларын сату шығарылды.
Болашақта Kcell Қазақстандағы деректерді ұялы табыстаудың қызметтер сегменттеріндегі өзінің айтарлықтай әлеуетті өсуінен пайда алуға ниет білдіріп отыр. Компания желілік жабуды кеңейту үшін өзінің 3G желісін дамытуға арналған инвестицияларды жүзеге асыруды жалғастыруды, сонымен қатар 4G стандартты жоғары сапалы байланысты енгізуді жоспарлауда. Kcell өз өнімдерін және бәсекелестікке қабілетті бағалау бойынша қызметтерін ұсына отырып, өнімдерінің және қызметтерінің жиынтықтарын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қолдап және жеке брендінің құндылығын көтере отырып, пайда алу көлемі мен абоненттер саны бойынша ұялы байланыс нарығында өзінің көшбасшылық ұстанымын қолдауға ұмтылады.