Франция президенті коронавирус жұқтырды

Елисей сарайының мәлімдемесінде: «42 жастағы Эммануэль Макрон бойында індет белгілері байқалған соң коронавирусқа тест тапсырды. Енді ол жеті күнге оқшауланады» делінген 

BBC News агенттігінің хабарлауынша, Макрон ел басқару ісінен қол үзбей, қашықтан жұмыс істей бермек.

Осы аптада Францияда түнгі уақытта комменданттық сағат енгізілген болатын.

Ел президентінің қауіпті індетті қайдан, қалай жұқтырғаны әзірге беймәлім. Оның әкімшілігі Макронның соңғы уақытта кіммен байланыс жасағанын, кіммен сөйлесіп, кездескенін анықтауда.

Back to top button