Дариға Назарбаева: Ақпарат берудің жаңа форматын қолдану тиіс

Дариға Назарбаева: Ақпарат берудің жаңа форматын қолдану тиіс

Дариға Назарбаева: Ақпарат берудің жаңа форматын қолдану тиіс
ашық дереккөзі
258
Таяуда Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат, ұлттық және аймақтық брендтерді қалыптастыру бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ақпараттық саясат стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстағы өзара іс-әрекеті жүйесінің даму бағытын әңгімеледі. Д. Абаевтың баяндауынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жұмысының ережелері жасалған. Оған сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғалар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жеке жауапты болады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары орталық мемлекеттік органдарға,  ұлттық компанияларға және облыс әкімдіктеріне ақпараттық жұмыс ережелерін зерттеп, өз ұсыныстарын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жіберуді тапсырды. «Әр мемлекеттік орган мемлекеттің ақпараттық-идеологиялық жұмысында заманауи әдіс-тәсілдерді және ақпарат берудің жаңа форматтарын қолдануы тиіс. Біз қазір басқа қоғамда өмір сүреміз – ештеңені жасыру мүмкін емес. Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам назар аударады. Бүгінде біз осындай бәсекелі күресте ұтылып келеміз. Сондықтан барлығы әлеуметтік желілер мен Интернетте жұмыс жасауды үйренуі тиіс», – деді Д. Назарбаева. Осы орайда Назарбаева ханым әсіресе аймақтардың орталық мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеті қажет екенін баса көрсетті. Бүгінде интернет, әлеуметтік желілер биліктің ресми органдарынан анағұрлым жылдам жұмыс істейді. «Біз бүгінде бұл бәсекелі күресте ұтылып жатырмыз. Сондықтан сіздер интернет пен әлеуметтік желілерде жұмыс істеп үйренуге тиіссіздер», – деді Назарбаева шенеуніктерге қаратып.  

Серіктес жаңалықтары