1584
Қытайдың ғарыш аппараты Айдың топырағын алып келді
Қытайдың ғарыш аппараты Айдың топырағын алып келді
Қытайдың «Чанъэ-5» зондының жерге қайтқан модулі бүгін, 17 желтоқсан күні Айдың топырақ үлгісін Жерге жеткізді.
ҚазАқпараттың жазуынша, ғарыш аппараты Бейжің уақыты бойынша сағат 01.59 кезінде Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономды ауданының аумағына қонды.
Қытайдың ұлттық ғарыш басқармасынан (CNSA) хабарлағандай, бұл ғарыш сапарының аяқталуы – Айды зерттеу жұмысы бағдарламасының жоспары сәтті аяқталғанын білдіреді. Бағдарлама үш мақсатты көздеген еді: Айды айналып ұшу, Айға қону және Айдың топырақ үлгісін жерге жеткізу. Бағдарлама 2004 жылы басталған болатын.
Еске сала кетсек, «Чанчжэн-5» зымыраны 24 қарашада Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралы провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан «Чанъэ-5» зондын алып ұшқан еді. Орбиталық модульден тұратын зондтың ұшып қонатын кешені 1 желтоқсанда Айдағы Рюмкер шыңының Борандар мұхитының солтүстігіне қонды. 6 желтоқсанда Айдың топырағын алып ұшқан аппарат Жерге оралатын модульмен түйісті.