Түркиядан ПТР-анықтамасыз ұшып келген азаматтан коронавирус анықталды

Түркиядан ПТР-анықтамасыз ұшып келген азаматтан коронавирус анықталды

Түркиядан ПТР-анықтамасыз ұшып келген азаматтан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
188

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 472 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 161 адам, анықтамасыз 311  ҚР азаматы келді.
Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 648 жолаушы, анықтамамен - 621, анықтамасыз - 27; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 508 жолаушы, анықтамамен - 336; анықтамасыз - 172; Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 224 жолаушы, анықтамамен - 114; анықтамасыз - 110; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 89; анықтамасыз - 2; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 15 желтоқсанында анықтамасыз келген 147 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбұл-Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Серіктес жаңалықтары