1174
Қазақстан халқының саны 1,3 пайызға өсті
Қазақстан халқының саны 1,3 пайызға өсті
2020 жылғы 1 қарашадағы есеп бойынша еліміздегі халық саны 18833,1 мың адамға жетті. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
2019 жылғы 1 қарашадан салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Оның ішінде қалалықтар – 11109,8 мың (59,0%), ауылдықтар – 7723,3 мың адамды (41,0%) құрады. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында қалыптасты.