Биыл әлемдегі ең бай адамдардың дәулеті қаншалықты артты – Forbes есебі

Биыл әлемдегі ең бай адамдардың дәулеті қаншалықты артты – Forbes есебі

Биыл әлемдегі ең бай адамдардың дәулеті қаншалықты артты – Forbes есебі
ашық дереккөзі
236
Биыл әлемдегі миллиардерлердің жалпы дәулеті  1,9 триллион долларға артты. Мұндай деректерді 16 желтоқсан, сәрсенбіде Forbes журналы жариялады. Қытайлық 400 миллиардердің жиынтық байлығы басқаларға қарағанда көбірек өсті. Бір жыл ішінде ол 750 миллиард долларға өсіп, екі триллионға жетті. Екінші орында – америкалық 600  миллиардердің жиғаны,  олардың жиынтық байлығы 560 миллиардты құрайды. Осылайша, ең бай американдықтардың капиталы төрт триллион долларға жетті. Үшінші орында биыл 95 миллиардқа байыған француз миллиардерлері тұр. Олардың жиынтық дәулеті – 500 миллиард доллар. Басылымның   2020 жылғы 11 желтоқсандағы мәліметінше, миллиардерлердің жалпы байлығы 11,4 триллион долларды құрайды, бұл өткен жылғы есептеулерден (9,5 трлн) 20% - ға артық.

Серіктес жаңалықтары