256
"Әлі көп адам өледі": Байден коронавируспен қалай күресетінін айтты
"Әлі көп адам өледі": Байден коронавируспен қалай күресетінін айтты
АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден губернаторлармен коронавирусқа қарсы күресті талқылады, деп хабарлайды РИА Новости.
Кездесуге 30-дан астам штат губернаторлары, АҚШ вице-президенті Камала Харрис және Байденнің коронавирус жөніндегі үйлестірушілері қатысты. Байден штаттар билігі осы уақытқа дейін COVID-пен күресуде жеткіліксіз көмек алғанын айтты. Ол сонымен қатар әкімшіліктің алғашқы 100 күніндегі мақсаттарын қайталады: америкалықтарға 100 миллион вакцина дозасын егу. "Біз алғашқы жүз күнде 300 миллион адамды вакцинациялай алмаймыз және әлі көп адам өледі", - деп мойындады Байден. "Мен жүз күннің соңында мектептерді ашуды талап етемін", - деп қосты ол. Сөз соңында Байден АҚШ-тың барлық тұрғындарынан оның әкімшілігінің алғашқы 100 күнінде жаппай бетперде тағуды сұрайтынын айтты.