Әлемдегі ең бай әйел өз байлығын тезірек таратып беруге асықты

Әлемдегі ең бай әйел өз байлығын тезірек таратып беруге асықты

Әлемдегі ең бай әйел өз байлығын тезірек таратып беруге асықты
ашық дереккөзі
258
Әлемдегі ең бай әйел, Amazon басшысы Джефф Безостың бұрынғы әйелі  Маккензи Скотт осы жылдың төрт айында төрт миллиард доллардан астам қаржысын қайырымдылыққа жұмсады, деп жазады Bloomberg. Скотт өз командасына байлықты қалай тез таратып беруге болатынын анықтауды тапсырған. Осы жылы оның капиталы 23,6 миллиард долларға өсіп, 60,7 миллиард долларға жетті.  Бұған Amazon акцияларының шарықтауы себеп. Бүгінде Маккензи Скотт әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 18-ші орында. "Пандемия американдықтар үшін үлкен соққы болды. Экономикалық шығындар, денсаулық жағдайының нашарлауы, әсіресе, әйелдер, қара нәсілділер және кедейлікте өмір сүретін адамдардың арқасына батты. Десе де, пандемия миллиардерлердің байлығын едәуір арттырды", - деді ол. Скоттың қайырымдылық шаралары биыл шамамен алты миллиард долларды құрайды. Қайырымдылық қаржысы 30 жоғары оқу орнына үлестірілді. Сондай-ақ, 40-тан астам азық-түлік банкі де алды. "Менде пропорционалды емес үлкен ақша бар", — деді әлемдегі ең бай әйел. Скотт 2019 жылы Қайырымдылық туралы міндеттемеге қол қойған, ол өзінің байлығының көп бөлігін таратып беруге ниетті. 2019 жылы болған ажырасу шарттарына сәйкес, ол сол кезде 36 миллиард долларға бағаланған Джефф Безосқа тиесілі Amazon акцияларының төрттен бір бөлігін алды.

Серіктес жаңалықтары