Biotech/Pfizer вакцинасына күшті аллергиялық реакция тіркелді

Biotech/Pfizer вакцинасына күшті аллергиялық реакция тіркелді

Biotech/Pfizer вакцинасына күшті аллергиялық реакция тіркелді
ашық дереккөзі
235
АҚШ-та Biotech/Pfizer әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаға күшті аллергиялық реакция тіркелді, деп хабарлайды The New York Times. Аляска штатында медицина қызметкерінде препаратты қабылдағаннан он минут өткен соң аллергия пайда болды. Бұл жағдайда қыздың анамнезінже аллергияға бейімділік туралы хабарланбаған. Қазіргі уақытта науқас ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. Компания өкілдері бұл оқиғаны мұқият тексеруге уәде берді. Сондай-ақ, олар қазіргі уақытта бұл жағдай туралы егжей-тегжейлі ақпарат жоқ екенін, десе де, компания штат билігімен тұрақты байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды CNN. Бұған дейін федералды ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарының (CDC) басшылығы АҚШ-та Biontech/Pfizer вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануды мақұлдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары