Бүгін Алматы облысында 140 сәби дүниеге келді

Бүгін Алматы облысында 140 сәби дүниеге келді

Бүгін Алматы облысында 140 сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі
840
Бүгін Алматы облысында дүниеге келген 140 сәбиге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипі бар көрпе тарту етілді. «Жаңа туған нәрестелердің ең көбі  Қарасай және Іле аудандарында тіркелді. Жоспар бойынша айы-күні жетіп отырған аналар 30 және 25 жас аралығындағылар. Жыл сайын өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Жалпы, жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады», –  дейді облыстық перинаталдық орталық басшысы Қанат Жұмашев. Биыл жыл басынан бері Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6 050-ден аса сәби дүниеге келген. Орталық басшысының айтуынша, биыл бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылы 6 600 ана босанған. Ал биыл жыл соңына дейін 7 000 сәби дүние есігін ашады деген жоспар бар.

Серіктес жаңалықтары