Коронавирусты жоюдың қарапайым тәсілі табылды

Коронавирусты жоюдың қарапайым тәсілі табылды

Коронавирусты жоюдың қарапайым тәсілі табылды
ашық дереккөзі
223
Коронавирусты ультракүлгін жарық диодтары арқылы оңай өлтіруге болады. Мұны Тель-Авив университеті ғалымдарының тәжірибесі дәлелдеді. Мамандар жасаған зерттеу нәтижелері Photochemistry and Photobiology B: Biology журналында жарияланды. Ғалымдар бұл зерттеудің нәтижесі қоғамдық орындар мен көліктерді, уақыт өте келе жеке үйлерді тиімді және қарапайым жолмен зарарсыздандыруға жол ашады деген үмітте. Зерттеушілердің пікірінше, толқынның 285 нм ұзындығы вируспен күресте 265 нм толқын ұзындығымен бірдей тиімділік көрсетеді және инфекцияның 99,9%-дан астамын жою үшін жарты сағаттан аз уақытты қажет етеді. Толқын ұзындығы 285 нм шамдар әлдеқайда арзан болғандықтан, бұл экономикалық тұрғыдан тиімді. "Біз коронавирусты аз қуат тұтынатын және қарапайым шамдар сияқты сынабы жоқ, арзан және қолжетімді жарықдиодты шамдарды қолдана отырып жойдық. Оларды ауру-сырқаудың алдын алу үшін адам өмірінің барлық салаларына енгізуге болады", - деді зерттеу авторы Хадасу Маман.  

Серіктес жаңалықтары