Байден өзінің бұрынғы қарсыласына үкіметтен қызмет ұсынды

Байден өзінің бұрынғы қарсыласына үкіметтен қызмет ұсынды

Байден өзінің бұрынғы қарсыласына үкіметтен қызмет ұсынды
ашық дереккөзі
320
АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден демократ Пит Буттиджичті үкіметтегі көлік министрі лауазымына шақырды, деп жазады CNN.  Буттиджич 38 жаста. Ол — АҚШ-тың бұрынғы Әскери-теңіз барлау офицері, Саут-Бенд (Индиана) қаласының бұрынғы мэрі. CNN-нің жазуынша, жаңа президент әкімшілігі оның кандидатурасын АҚШ-тың бір елдегі елшісі және сауда министрі қызметіне ұсынғысы келген. Пит Буттиджич 2020 жылғы президенттік сайлауында Байденнің қарсыласы болды, бірақ наурыз айында додадан шықты. Мэр ретінде Буттиджич өзінің инфрақұрылымдық жобаларымен ерекшеленді және Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп әкімшілігін осы саланың кенже дамуы үшін сынға алды. Енді демократтың кандидатурасын сенат мақұлдауы керек. Буттиджичтен басқа, Чикаго мэрі Рам Эммануэль, Род-Айленд губернаторы Джина Раймондо және Лос-Анджелес қаласының мэрі Эрик Гарчетти көлік министрі болуға үмітті.

Серіктес жаңалықтары