Вакцина коронавирус пандемиясын жеңе алмайды – Денсаулық сақтау академиясы

Вакцина коронавирус пандемиясын жеңе алмайды – Денсаулық сақтау академиясы

Вакцина коронавирус пандемиясын жеңе алмайды – Денсаулық сақтау академиясы
ашық дереккөзі
214
Австралиядағы Денсаулық сақтау және медицина ғылымдары академиясы (AAHMS) 2021 жылы вакцина коронавирус пандемиясын жеңе алмайды деп санайды. Тengrinews.kz сайтының жазуынша, ғалымдар вакцина салу процесі көп уақыт алатынын ескеріп, осы себептен COVID-19 вирусын жұқтырудың алдын алу үшін басқа шараларды қабылдау керегін айтып отыр.
MedicalXpress сайты жарияланған есепте коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермес үшін қандай іс-қимыл жүргізу керегі баяндалған. COVID-19-ға қарсы вакциналар 90 пайыз тиімділікті көрсеткенімен, оларды өндіру, тасымалдау және қолдану көп күш пен шығынды қажет етеді, ал халықтың басым бөлігіне екпе салу процесі келесі жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін.
Сондықтан ғалымдар жалпы тестілеу, өзін-өзі оқшаулау, карантин, арақашықтықты сақтау, маска тағу, вакцина алу сынды барлық шараны қатаң сақтауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары