270
Ел тәуелсіздігі қандай жағдайда құрылғанын есте сақтау керек – Елбасы
Ел тәуелсіздігі қандай жағдайда құрылғанын есте сақтау керек – Елбасы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан территориясында бәзбіреулер бөлек мемлекет құрғысы келгені және Тәуелсіздікті сақтап қалу қалай мүмкін болғаны туралы баяндап берді.
«Хабар» арнасындағы «Штрихи к портрету» атты деректі фильмнің екінші бөлімінде Тұңғыш Президент: «Қазақстандықтар ел Тәуелсіздігі қандай жағдайда құрылғанын есте сақтауы керек: бұл өте қиын. Тәуелсіздікті жариялау – бұл бір мәселе, ал оны сақтап қалу – мүлде басқа категория, қиыны», – деді.
Фильмде Елбасы белгілі бір территорияда көп шоғырланған өзге ұлттар сол аумақта өз мемлекетін құруға талпынғанын сөз етеді.
«Белгілі бір аймақта көп шоғырлануына байланысты кейбір ұлттар «өзіміздікін» құрайық» деген ниетте болды. Бұл – бөлек әңгіме, өте қауіпті. Мысалы, Өскеменде бір топ адам әкімдікті басып алып, Шығыс Қазақстанды Алтай республикасы деп жариялағысы келді. Бұл қолынан келер еді. Дәл уақытында біліп, оларды ұстап, соттаттық. Сосын арандатушылар Ресейден келе бастады. Мұның бәрін қиын жағдайда басу керек болды, Құдайға шүкір, бұл мәселелердің бәрін шеше алдық», – деді Елбасы.