ADAL партиясы проблемалық несиесі бар кәсіпкерлерге жаппай рақымшылық жасауды ұсынды

ADAL партиясы проблемалық несиесі бар кәсіпкерлерге жаппай рақымшылық жасауды ұсынды

ADAL партиясы проблемалық несиесі бар кәсіпкерлерге жаппай рақымшылық жасауды ұсынды
ашық дереккөзі
263

ADAL партиясының экономиканы дамыту идеялары, халықты қолдайтын ұсыныстары, көпшілікті толғандыратын өзекті проблемаларды Мәжіліс депутаттығына кандидаттар өткізген кездесуде талқылады.

Павлодар облысында бірқатар кездесу өтті. Олардың көпшілігі көше бойында және сауда орындарында ұйымдастырылды. Мәселен, Шідерті ауылында болған Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева бағдарламаның негізгі тармақтарын көрсетіп, партияның жалпы идеологиясы мен құндылығы туралы сөз қозғады. Ауыл тұрғындары науқастардың дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ жайылымдық жердің жоқтығы сияқты бірнеше мәселемен шағымданды. Олжас Ордабаев бұл мәселелер партияның бақылауына алынатындығына сендірді. Екібастұз қаласы тұрғындарының арасында проблемалық несиесі бар кәсіпкерлер көп. Ақмарал Бекмырзаева партияның осындай несиелерге жаппай рақымшылық жасау туралы ұсынысы туралы айтты.  width= Кездесуде Олжас Ордабаев еліміздің әрбір тұрғыны партияның веб-сайты арқылы кез келген аймақты дамыту бойынша өз ұсынысын енгізуге, елді мекендердің бюджеттері туралы ақпарат алуға және т.б. мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Ал ондағы көпбалалы аналардың бірі  қолданыстағы кәсібінің кеңейту жолдарын сұрады. «Әрбір көпбалалы ана тек АӘК-ке сеніп қана қоймай, өз бизнесін дамыта түсуі керек, бұл үшін партияның нақты ұсыныстары бар және адамдарға кәсіпкерлік механизмдерін жүзеге асыруға көмектесуге дайын», ­– деді Олжас Ордабаев. Ақсу қаласының тұрғындары білім сапасын арттыру және кәсіптік бағдар беруде көмек көрсету мәселелерін көтерді. Үміткерлер сайтта студенттерге білімдерін тексеруге және университет таңдау туралы шешім қабылдауға көмектесетін қызмет бар екенін айтты. Одан әрі кездесу Көктөбе ауылында жалғасты. Сондай-ақ партия бағдарламасын талқылады. Алматы облысында депутаттыққа кандидат Лаззат Шыңғысбаеваның халықпен жүздесті. Ол Ащыбұлақ ауылдық округінде шеге шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесіп, Өтеген батыр және Қапшағай қаласының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар партияның сайлау алдындағы уәделерді ұмытып кетуі мүмкін екенін ескертті. Бірақ Лаззат Шыңғысбаева ADAL партиясынан депутаттыққа үміткерлердің барлығы сайлаушылары үшін еңбек етеді деп сеніммен жауап берді «Әр кандидат өз саласының маманы және депутат болмаса да, қоғам үшін әртүрлі үлкен, мейірімді, маңызды істер жасап жүр», – деді кандидат. Шымкент қаласында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті, оған ADAL партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Мақсат Толықбай мен Алмасбек Садырбаев қатысты. Мақсат Толықбай партия бағдарламасы туралы айтып берді. Партия бағдарламасында медицина мәселесі қарастырылғанын айтты. «Біздің медицина тегін болуы тиіс. Пандемия кезінде не болды? Сіз сапаны көрдіңіз бе? Біз жедел жәрдем күте алмадық. Бірақ денсаулық бәріне қажет. Мұндай жүйе дұрыс емес. Медицина тегін болуы тиіс», – деді. Парламент Мәжілісінің депутаттығына тағы бір кандидат Ардақ Назаров білім беру бағдарламасына жаңашылдық енгізу қажеттігін еске салды. Оның айтуынша, спортты жоғары деңгейде дамту керек.  width= Фермерлермен кездесу барысында Алмасбек Садырбаев АӨК пен бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді. Ардақ Назаров Жамбыл облысының Тараз қаласында кездесулер өткізді. Тараз қаласының «Тараз-Ғасыр» колледжінде жастармен кездесулердің бірі өткізілді. Ардақ Назаров өзі туралы, балалық шағы, спорттық мансабын қалай бастағаны туралы айтып берді. «Бала кезімізде біз жақсы жағдайда өмір сүрмегенімізге қарамастан, мен сынған жоқпын, жаман жолмен жүрмедім. Меніңше, бұл маңызды. Еңбекқор болу маңызды. Тек еңбек арқылы ғана табыс пен молшылыққа қол жеткізуге болады», – деді Ардақ Назаров.

Серіктес жаңалықтары