278
Қарттар үйі өртеніп, 11 адам көз жұмды
Қарттар үйі өртеніп, 11 адам көз жұмды
Башқұртстанның Ишбулдино ауылындағы қарттар үйінде шыққан өрт салдарынан 11 адам көз жұмды. Бұл туралы ТАСС елдің төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, өрт бір қабатты ағаш ғимаратта болған. Пансионаттың төрт тұрғыны өрт сөндірушілер жеткенше өз бетінше жан сауғалап үлгерген.
Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайды анықтайды. "Оқиға орнына сынақ зертханасының сарапшылары жіберілді. Марқұмдардың туыстарына қайғылы оқиға жайлы хабарланды, оларға психологиялық көмек көрсетілуде", ‒ деп хабарлады ТЖМ.