Қазақстан Халық партиясының мүшелері талдықорғандық сайлаушылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясының мүшелері талдықорғандық сайлаушылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясының мүшелері талдықорғандық сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөзі
4 желтоқсанда Қазақстан Халық партиясының кандидаттары Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында орналасқан «Рухани жаңғыру» ғимаратында өңір сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде партияның, оның депутаттық фракциясының жұмысы туралы ақпарат берілді. Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, негізгі бағыттары түсіндірілді. Сайлаушылармен болған кездесуде партияның әлеуметтік әділетті қоғам құру үшін жариялаған мақсаттары назарға алынды.
Кездесуге түрлі әлеуметтік топтардың, түрлі саланың өкілдері жиналды. Олардың қатарында жастар да, аға буын өкілдері де бар. Ашық диалогта сайлаушылар өз сұрақтарын қойды. Кандидаттар оларға толық жауап берді. Сайлаушылардың пікірінше, ҚХП-ның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты және ел дамуы мен өмірдің барлық маңызды аспектілерін қамтыған. Діттеген мақсатқа жету үшін партия қойған міндеттердің ерекшелігі сайлаушылардың назарын аударды. Атап айтқанда, ҚХП-ның эконмиканың капиталистердің емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі, банктердің есебінен жеке және заңды тұлғаларға несие рақымшылығын жүргізу, әділ салық саясаты, мемлекеттік шешімдерді іске асырудың ашықтығы мен тиімділігін бақылау секілді бағыттары электораттың шынайы қызығушылығын тудырды. Қазақстан әлеуметтік бағдарланған мемлекетке айналуға тиіс, деп есептейді ҚХП кандидаттары. Сондықтан медицина мен білімнің қол жетімділігі мен сапасы қалыпты нормаға айналуы керек. Тұрғын үй мәселесін шешу, жастар үшін мүмкіндіктер жасау және қарттар үшін лайықты өмірді қамтамасыз ету – халық қалаулылары шешуге ниетті міндеттер. Еске сала кетейік, шара сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында ұйымдастырылды. Оған спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚХП атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ерлан Смайлов, ҚХП Алматы облыстық филиалының бірінші хатшысы Сәуле Биғарова қатысты.